“Ауыл жастары мәселесі – өте өзекті”

by Depti
0 views

Дамбы ауылының байырғы тұрғыны Жасталап Құспанов ауыл жастары мәселесінің қашан да өзекті екенін айтады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауыл әкімдері жұмысының бір тіні кейінгі буынмен етене жұмыс жасау екенін айрықша атаған ол – балық шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек еткен.

«Жастарды спортқа бейімдеу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылса дейміз. Өйткені, ауыл – ортақ үйіміз. Бұнда тұру қолайсыз немесе қажеттіліктер жоқ болуы себепті жастардың ауылдан кеткенін қаламаймыз. Сондықтан, олардың бос уақытын тиімді өткізу, спортқа бейімдеу үшін арнайы үйірмелерді көптеп ашса екен. Балаларымыз «Балықшыға» барып, машықтануға мәжбүр» дейді ауыл тұрғыны.

Сайлау науқанында өз таңдауын жасаған сайлаушы ауыл әкімін тұрғындардың өзі таңдауы – өте дұрыс бастама екенін айтты.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com