COVID-19АТЫРАУДА

Covid-19: Атырауда бір тәулікте 500-ге жуық науқас анықталды

Қауіпті инфекция жұқтырғандар санының өсуі  Жылыой  ауданында байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус жұқтырған 489 адам анықталды. Атырау қаласында  Covid-19 жұқтырудың 278 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 29 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 86, Индер ауданында – 23, Исатай ауданында – 23, Қызылқоға ауданында – 6, Құрманғазы ауданында – 19, Мақат ауданында – 6, Махамбет ауданында-19адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 372 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 186 адам емделді.

Қазір  2848 адам үй жағдайында, 197 адам  модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада – 207,  фтизиопульманологиялық орталықта – 100,  кардиоорталықта – 110, т/ж ауруханасында – 108,
аудандық инфекциялық стационарларда – 295. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 165 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта .

 
11 пациент ӨЖЖ аппараттарына қосылған.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 1182 адам ем қабылдауда.
Жүктеме 38,8 % құрайды (3040 төсек-орынға).

Реанимация бөлімшелерінде 67 пациент жатыр, олардың 11 ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Жүктеме 59,2% (113орынға) құрайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button