АТЫРАУДА

«Жастар тәжірибесіне» тәжірибесі жоқтарды ғана қабылдайды

 “Атырауда жұмыссыздық мәселесі бойынша оң нәтижелер бар.” Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиеваның қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен осындай ой түюге болады.

2019 жылы қала бойынша Жұмыспен қамту орталығына хабарласқан адамның 86 пайызы жұмыспен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандар 76 пайыз. Жаңадан 8117 жаңа жұмыс орындары құрылып, 6346 адам еңбекке араласты.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары бойынша мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму, өңірлерді дамыту, агробизнес бағдарламалары алдыңғы  қатарда,”- депті Нұрлы Хабиева.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған 1285 адамның 853-і қызметке тұрды. Жыл қорытындысымен 32 адамға несие, 212 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант берілді.

Келесі бір бағыт – әлеуметтік, қоғамдық жұмыстар және жастар тәжірибесі бойынша жоспар артығымен орындалған. Тек бір кедергі келтіретіні – оқуды бітірген жас бұрын еш жерде еңбек етпеген болуы керек.

Тақырып бойынша мақалалар

Бір Пікір

  1. Ассаламалейкум! Сиздер жумыспен камту дейсиз маман бойынша жумыс жок. Сиздерде шаштараз жургизуши т.б. сондай жумыс мунайшылар битиргендер нестиди сонда болашак жок дегениго отирик шыгара жаза бермениздер

Back to top button