АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

by Depti
0 views

Атырау облысы әкімінің Өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болып Болат Әлмұханұлы Исаков тағайындалды.

 Болат Әлмұханұлы 1968 жылы Жамбыл облысында туған. 1991 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды «Қолданбалы математика», ал 1999 жылы “Әділет” жоғары құқық мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы «Тараз» өңірлік ішкі экономикалық тауар өндірушілер ассоцияциясының инженері болып бастаған.

Соңғы жұмыс орны—Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com