АТЫРАУДА

«АТЫРАУ» ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Футзалдан ҚР чемпионатының кезекті турында «Атырау» тағы да жеңіске жетті.

Ақтаулық «Каспиймен» өткен екінші кездесуде жерлестеріміз 4:3 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Алғашқы кездесуде 8:0 есебімен айқын жеңгенімен, екінші ойында қонақтар қорғаныста сауатты ойнады.

Тек таблодағы тең есепті ойын аяғына қарай «Атырау» ойыншысы Эвертон өзгертті. Қоржындарына 24 ұпай жинаған жерлестеріміз бүгін кешке Рудныйға аттанады. Ел чемпионатының кезекті турында бізді қонақта «Аят» командасы күтіп тұр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button