АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БАС ҚОСТЫ

28 ақпан күні Атырау қаласында Халықаралық Үкіметтік емес ұйымдар күніне орай «NGO DAY» пікір алмасу алаңы өтті. Шараның мақсаты – түрлі саладағы ҮЕҰ-дардың басын қосу, жас және кәсіби ҮЕҰ-дарды қолдау, тәжірибе алмасу, азаматтық сектор – бизнес құрылым өкілдері – мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту және әріптестік орнату болды.

Салтанатты кешті Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева ашып, ҮЕҰ басшыларын облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлының Алғыс хатымен марапаттады.

Пікір алмасу алаңына қаламыздағы ҮЕҰ өкілдері және әлеуметтік кәсіпкерлер қатысты. TedХ форматында өткен шараға спикер ретінде «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының жетекшісі Гүлназ Қосмурзиева, «Доброе сердце» қоғамдық қорының жетекшісі Венера Манасова, «Златару» қоғамдық қорының жетекшісі Нина Петрова, «Жарқын болашақ» қоғамдық қорының жетекшісі Дана Ғасырбек қатысты. Олар ҮЕҰ-ға байланысты өз оқиғаларымен бөлісті.

«Қарапайым тұрғындарға құқықтық көмек көрсетумен айналысып жүрген біздің «Адамгершілік» атты үкіметтік емес ұйымымыз да азаматтық қоғамның кірпішін қалауға ат салысып жүргеніне қуандым. Достар, өмірді өзгерту, оны көркейту бәріміздің қолымыздан келеді! Өте әсерлі кеште көптеген пікірлес достармен танысып, көңіл көкжиегім кеңейіп қайтты», – depti «Адамгершілік» қоғамдық қорының жетекшісі Салтаната Рахимова.

Ресми түрде Дүниежүзілік ҮЕҰ күні 2014 жылғы 27 ақпаннан бастап халықаралық деңгейде аталып өтіледі.

Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша 691 ҮЕҰ ұйым тіркелген. Белсенді әрекет етуші ҮЕҰ саны – 147.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button