АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 8 НАУРЫЗҒА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ТОҚТАТЫЛДЫ

Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхаметов өзінің әлеуметтік желісінде айтты.

«Коронавирус инфекциясы қазіргі кезде әлемнің көптеген еліне тарады. Барлық мемлекеттер қауіпті вирусқа қатысты алдын алу іс-шараларын күн сайын күшейтіп жатыр. Елімізде аталған инфекция тіркелген жоқ. Алайда, «сақтықта қорлық жоқ» деген ұғымды ұстанған халықпыз. Сондықтан, Қазақстанда да республикалық деңгейде сақтық күшейтілді. Біз де қауіпсіздік мақсатымен облысымызда 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізбеу туралы шешімге келдік. Сіздердің бұған түсіністікпен қарайтындарыңызға сенемін», – деді облыс әкімі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button