АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР 50 ЛИТРГЕ ЖУЫҚ ҚАН ТАПСЫРДЫ

Атырауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері жергілікті ауруханалардағы ауыр науқастарға 50 литр қан тапсырды.

Әскерилердің басым бөлігі қан тапсыруға бірінші рет келген. Қызметтің тығыз кестесіне қарамастан, «Донор күні» акциясына қатысқысы келген әскерилердің қарасы 100-ден асты.

«Процедурадан бұрын әр донор қан тобын анықтау үшін алдын-ала зертханалық тексеруден өтіп, қажетті сауалнамалер мен дерек құжаттарын толтырып, дәрігермен сұхбаттасты. Кейін 450 мл көлемінде қан тапсырды. Донорлық қан апаттардан зардап шеккендерге, қаламыздағы ауруханаларда жатқан науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылады», – дейді Батыс өңірлік қолбасшылығы медициналық қызмет офицері майор Аброр Исаходжаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button