АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 32-ГЕ ЖЕТТІ

7 сәуір күні  коронавирус жұқтырған тағы үш адам белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандар туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Олардың  арасында 37 жастағы әйел, 18 жастағы жас жігіт және 82 жастағы қария бар.

 – Зейнеткерге  пневмония диагнозы қойылды, оның жағдайы ауыр, – деп түсіндірді  облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылған.

Осылайша, Атыраудағы Covid-19  дертін жұқтырғандар  саны 29-дан 32 адамға жетті.

Бүгінде 28 науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда , оларда  аурудың жеңіл белгілері  бар.  Ал, екі науқастың жағдайы орташа, тағы екеуінің жағдайы ауыр.

Жауапты  органдар олармер  байланыста болған тұлғаларды жедел анықтап, оқшаулайтын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button