АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЕСКІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ СҮРІЛУДЕ

23 қаңтарда өткен Ақсай округі әкімнің есебі кезінде ауыл тұрғындары, көне құс фабрикасының жылыту қазандығының биік мұржасы және жем сақтауға арналған қойма құрылысы құлап кету қаупі барын, балалардың қауіпсіздігі үшін сүріп тастауды өтінген болатын.

Округі әкімнің есебі кезінде Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаев ескі құрылысты сүріп тастауды жауапты басшыларға тапсырған болатын.

Бүгінде жем сақтауға арналған қойманың бетонды жабындылары арнайы техниканың көмегімен сүрілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button