САРАПТАМА

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛЬМ ФРАНЦИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

Қазақстандық «Мәриям» фильмі топ жарды. Францияның Везуль қаласында өткен Азия киносының халықаралық фестивалінде гран-приді иеленді.

Алматылық режиссер Шәрипа Оразбаева алғашқы толық метражды туындыны өз қаржысына 5 күнде түсірген. Кинофестивальде бас жүлде бұйырады деп еш ойламапты. Жеңімпазды алғашқылардың бірі болып, Франциядағы Қазақстан елшілігінің өкілдері құттықтады.  

«Қуанышымда шек жоқ. Бұл фестивальдің 26 жылдық тарихы бар. Кинофестиваль тарихында алғаш рет әйел режиссер гран-приді алып отыр екен.  Фильмге француз кинодистрибьютерлері қызығушылық танытуда» – depti Шәрипа Оразбаева.

Туынды төрт баласын жалғыз өзі өсіруге мәжбүр болған жалғызбасты ананың шынайы оқиғасы желісінде түсірілген. Басты кейіпкер Меруерт Саббусинова онда өзін өзі сомдаған. Енді Қазақстандық «Мәриям» фильмі әлемнің түрлі елдеріндегі кинофестивальдердің конкурстық бағдарламасына қатысады. Одан бөлек, Франция кинозалдарында көрсетілуі мүмкін.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button