АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 500 ТОННАДАН АСТАМ ҚАЛДЫҚ ШЫҒАРЫЛДЫ

Бір апта ішінде қала аумағынан қосымша 500 тоннадан астам құрылыс қалдықтары шығарылды.

11 ақпан күні Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев коммуналдық мекемеге қала көшелерінің тазалығын қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі кезде қала іші 11 секторға бөлініп, әр секторға жауапты қызметкер тағайындалды. Бұл жұмыстар ауылдық округтерде де ұйымдастырылуда.

«Қазіргі уақытта қала аумағынан құрылыс қалдықтарын толық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Біз тұрғындардан құрылыс қалдықтарын полигонға ақысыз алуға шешім қабылдадық. Себебі, далаға қоқыс шығарудың салдарынан стихиялық полигондар пайда болады.Жергілікті полиция департаментімен бірлескен арнайы рейдтер барысында санитарлық және экологиялық нормалардың бұзылуын анықтап, тұрғындарға ескерту берілді. Алдын ала ескертуден кейін оннан астам тұрғындар мен коммерциялық мүлік иелері ескертулерді өз бетінше жойды, 16 материал полицияға тиісті шара қолдану үшін жіберілді. Сондай-ақ, төлемақысын уақытылы төлемейтіндермен де жұмыстар күшейтілді», – деді «Спецавтобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button