АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ САМБОШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГІНДЕ 3 АЛТЫН ИЕЛЕНДІ

Минск қаласында Беларуссия елі Президентінің жүлдесіне арналған самбо және жауынгерлік самбо күресінен халықаралық «А» санатты турнир мәресіне жетті.

Франция, Италия, Израиль, Грекия, Әзірбайжан, Грузия, Ресей, Моңғолия, Беларуссия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан секілді 22 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы сынға түсетін бұл турнирде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында атыраулық алты спортшы сынға түсіп, бес медаль еншіледі.

Жарыстың алғашқы күні төрт бірдей спортшымыз бағын сынап, ешкімге есесін жібермеді. Спорттық самбодан 52 келіде Әбу Аманжан және 62 келіде Парасат Жұмабай чемпион атанды.

Жауынгерлік самбодан 57 келі салмақта қос атыраулық спортшы Еркебұлан Қуанғалиев пен Серікжан Түсіпов ақтық сынға дейін жетіп, алтын жүлдені Еркебұлан Қуанғалиев мойнына тақты.

Екінші жарыс күні 57 келі салмақ дәрежесінде Айдынбай Қайырберді күміс жүлдеге ие болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button