АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ МУЗЕЙ-КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Атырау мұнай және газ институтының негізін қалаушы және алғашқы ректоры, танымал ғалым, қоғам қайраткері, бірінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламент сенатының депутаты, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академиясының академигі, Серіков Төлеуіш Пәуеденұлын еске алуға арналған музей-кабинет салтанатты түрде ашылды.

Шара барысында сөз алған Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Ө.З.Зинуллин, АтМГУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, э.ғ.д., профессоры және Төлеуіш Пәуеденұлының сыйлас досы М.Т. Шырдабев, АтМГУ Директорлар кеңесінің мүшесі Т.К.Мурсалиева да өздерінің өмір жолында Т.П.Серіков секілді тұлғаның кездесіп, бірге жүріп, әріптес, замандас болғандарын үлкен бақытқа теңеді. Шалғайда болып келе алмай, өздерінің ыстық ықыластарын білдіртіп жіберген қоғам қайраткерлерінің құттықтау хаттары да оқылды. Атап айтқанда «Kazenergy» қауымдастығы төрағасының орынбасары, «С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ұ.С.Қарабалин мен КСРО құрметті мұнайшысы, ҚҰИА академигі К.Надиров университет қабырғасындағы қуанышпен құттықтады.
Төлеуіш Пәуеденұлының қызы Гаухар университеттің барша ұжымына бүгінгі әкесінің туған күніне ерекше сыйлық болып музей-кабинеттің ашылуына өздерінің перзенттік ризашылығын білдірді.
«Осы кабинетке кірген әріптестеріміз, студент, магистранттарымыз және қонақтар Төлеуіш Пәуеденұлының сұңғыла ізденімпаздық, іскер азаматтық келбетін, өз ісіне деген адалдығынан, ғылым мен білімге берілген халыққа өлшеусіз қызмет етудің өнегесін алады деп сенеміз», – depti АтМГУ ректоры Гүлзада Шакуликова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button