АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КАРАНТИН ЕНГІЗІЛГЕЛІ ЖАРАҚАТ АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ 5 ЕСЕГЕ АЗАЙДЫ

Дәрігерлер облыс орталығы тұрғындарының өзін-өзі оқшаулауының арқасында оң  нәтижеге жеткізгенін айтады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Саин Шомиров айтуынша, егер карантин енгізілгенге дейін травматологиялық бөлімшенің дәрігерлері тәулігіне 150-ден 200-ге дейін пациенттерді қабылдаса, 27 наурыздан бастап күніне 30 адамға дейін қысқарған.

– Атырау тұрғындары коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша жергілікті билік қолданатын шараларға саналы түрде орындауының арқасында жарақат саны азайды деп сенемін. Жеке автокөлік қозғалысын шектеудің арқасында біз жол-көлік оқиғаларының санын және тиісінше апат салдарынан зардап шеккендердің санын азайтуға қол жеткіздік, – деді Саин Шомиров.

Дәрігерлердің айтуынша, облыс орталығы тұрғындарының барынша өзін-өзі оқшаулаудың арқасында ұсақ тұрмыстық жарақаттар саны қысқарған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button