АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҚЫЗМЕТІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАН БАСШЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросының бұрынғы директоры лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және қызметтік жалғандығы үшін сотталды.

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін «Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы» ШЖҚ ҚМК директорының міндетін атқарушы И. Молдағалиевқа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау бойынша сотқа дейінгі тергеуді өндіріспен аяқтады.

Ол сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша тірі туылған нәрестені өлі туған ретінде көрсетіп, оны патологоанатомиялық зерттеудің хаттамасына жалған ақпарат енгізу жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдікті болды.

«28 наурызында Атырау қаласының №2 сотының үкімімен И. Молдағалиев 1 325 500 теңге көлемінде айыппұл салынған. Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button