АТЫРАУДА

АТЫРАУДА COVID-19 ІНДЕТІН ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 18 ЖЕТТІ: ОЛАР ҚАЛАЙ ЖҰҚТЫРҒАН?

2 сәуір күні  короновирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Науқастар инфекционды стационарға жатқызылды.

 Анықталған әйел мен қыз бала  Covid-19 індетін жұқтырған адамммен қарым-қатынаста болған.

«Облыстық аурухананың 34 жастағы медбикесі мен 21 жасар емделушісі, 1 сәуір күні короновируспен жатқызылған 28 жасар әйелмен қарым-қатынас жасаған. Қазіргі уақытта олар тиісті ем қабылдап жатыр, жағдайлары тұрақты» – depti ӨКҚ Атырау Облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Қызылқоға ауданының 28 жасар тұрғыны Облыстық ауруханаға ЖРВИ белгілерімен  жүгінген.

Соңғы деректерді қосқанда Атырау облысында короновирусты жұқтырғандар саны  18-ге жетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button