АТЫРАУДАҚазақстанда

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

«Өкінішке қарай, бүгін Атырау қаласында да коронавирус инфекциясын жұқтырған үш адам анықталды. Үшеуінің де жағдайы қазір қанағаттанарлық. Тиісті емдеу шаралары жасалып,  тұрақты бақылауда. Олармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы анықталып, оқшауланды.

  Құрметті жерлестер, арқаны кеңге салатын бұл тұмау емес, аса қауіпті әрі жылдам таралатын инфекция. Сондықтан жақындарымыздың қауіпсіздігін ерекше ойлауымыз керек. Әр азаматтың өзі үшін, отбасы мен туған-туысы үшін үлкен   жауапкершілікті сезінетін мезгіл — дәл осы уақыт», – деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Облыс әкімі сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ақпаратты тек ресми дерек көздерден ғана алуға шақырды. 

    «Бізге қазір ең алдымен тәртіп керек. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өзі «тәртіпке бағынған құл болмайды»  дегенін білесіздер. Сондықтан бәріміз тиісті ережелерге бағынайық. Көп адам жиналатын іс-шараларға, туған-туысқа барып, той-тойлауда кейінге қалдыруларыңызды сұраймын. Гигиеналық тазалыққа мән беріп, артық-ауыс жүрісті азайтқан абзал. Барынша үйлеріңізде болыңыздар. Бізге де ең үлкен көмектеріңіз сол болмақ. Сонда инфекцияның таралмауына, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге өлшеусіз үлес қосасыздар.     Құрметті атыраулықтар, бірлігіміз бен берекемізді, тәртібіміз бен тектілігімізді көрсете білсек,  бұл да өтпелі кезең. Сынақтан сүрінбей өтерімізге сенемін. Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деп аяқтады сөзін облыс әкімі.     

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button