АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КӨШЕ АТАУЛАРЫНДА ҚАТЕЛІКТЕР БАР

Суретте көріп тұрғандарыңыздай, көшенің атауы қазақшасында Махамбет Өтемісұлы, ал орысшасында Махамбет Утемисов деп көрсетілген. Сондай-ақ, Махамбет Өтемісов деген тақтайша да дәл осы мекен жайда ілулі тұр.

Адамның тегін аудару заңдылығы бойынша әкесінің атына «-ұлы» қосымшасы жалғанған жағдайда басқа тілге де солай аударылуы керек. Аталған жағдайда орыс әліпбиінде «ұ « әрпі болмағандықтан «-улы» болады. Екі тілде екі түрлі жалғау болғандығы және қазақшаның өзі екі нұсқада жазылғандығы көше атауында қателік кеткендігін көрсетеді.

Осы мәселе бойынша тұрғын үй коммуналдық қызметінің баспасөз хатшысы Аңсаған Сағынбаева: «біздер тақтайшаларды Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жазып беруі бойынша ілеміз. Кәзіргі таңда қателіктерді түзету және басқа да көшелердің мекен жайын көрсету үшін мердігерді анықтауға ашық конкурс жарияланып жатыр» деді.

«Кеткен қателіктерді түзету қолға алынбақшы екендігін» Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиев те растады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button