АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ТАЙЛАНДТТАН КЕЛГЕН ҚР АЗАМАТЫ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

26-шы ақпан күні 14 сағат 00 минутта «103» пультіне Канцева көшесі 5 үйдегі пәтердің бірінен шақырту түскен.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Аслан Жеңісұлының айтуынша, азаматшаның дене қызуының көтерілген.

«Жедел жәрдем қызметі пациентті дер кезінде келіп алып кетті. Бригада ҚР азаматы Тайланд елінен келгендіктен Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының короновирусқа қатысты қаулысына сәйкес, қауіпсіздікті сақтай отырып, №2 Атырау облыстық ауруханасы изоляторына жеткізді. Науқасқа  респираторлы вирусты инфекциясы деген диагноз қойылды. Қазіргі жағдайы тұрақты. Аса қауіпті вирус белгілері анықталмады», – деді Аслан Жеңісұлы.

Айта кету қажет, Атырау облысы бойынша короновируспен ауырғандар анықталған жоқ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button