АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ТЖ РЕЖИМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН 700 ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

 Атырау облысының Бас санитарлық дәрігері  енгізген шектеу шаралары  17 сәуір күшіне енеді, -деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы.

Жаңа шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап,  Төтенше жағдай режимін  қамтамасыз ету Полиция департаменті қызметкерлерінің құзырында.

Осылайша, 17 сәуір сағат 07:00-ден бастап қала көшелерінде 40 патрулдік көлік пен 40 жаяу патруль  тәулік бойына жұмыс істейтін болады.

Облыстық орталығының  өзі бірнеше секторға бөлінбек, олардың әрқайсысына  жауапты адамдар тағайындалған. Қаладағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге 700 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button