АТЫРАУДА

«Үздік Тик-ток түсірілімі» байқауы!!!

Құрметті атырау облысының тұрғындары!

Егер Сіз креативті әрі Тик-ток әлемінің жанкүйері болсаңыз!
Атырау Адалдық алаңы жобалық кеңсесі Сізді «Үздік Тик-ток түсірілімі» байқауына қатысуға шақырады.

Байқауға қатысуыңыз үшін Тик ток форматында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары бағытында креативті әрі қызықты бейнеролик дайындап жолдасаңыз болады.

Байқауда халық дауысымен Ең үздік деген үш бейнеролик таңдалып, 150 000 теңге сыйақы беріледі. АЛ өзге қатысушыларды бағалы сыйлықтар күтіп тұр.

Қатысушылар байқау тақырыбындағы бейнероликті «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі орналасқан Атырау қаласы, Темірханов көшесі 2А, «АNTIKOR» орталығына немесе adal_atyrau@bk.ru пошталық мекен-жайына ағымдағы жылдың қыркүйек айының 28 дейін жолдай алады және әр қатысушы #adaldyqTikTok хэштегімен өз парақшаларына салып, @adaldyq_alany_atyrau парақшасын белгілеу міндетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button