АТЫРАУДА

АТЫРАУДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 13 ТОННА ӨНІМ САТЫЛДЫ

Атыраудағы жәрмеңкеге 50 ден астам кәсіпкер қатысып, 13 тонна өнім сатылымға шығарылды.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,
қала тұрғындарына қолайлы болуы үшін демалыс күндері жәрмеңке ұйымдастырылуда.

«15-16 ақпан күндері үш жерде өткен жәрмеңкеге 54 кәсіпкер, яғни жергілікті тауар өндірушілер мен көтерме сауда иелері бірінші тұтынатын азық түлік өнімдерін халыққа ұсынды. Картоп – 80,90 теңге, сәбіз – 85, жуа-80, жұмыртқа 24,25 теңгеден ал сиыр еті – 1700 теңгеден саудаланды» –  деп мәлімдеді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Р. Давлетов.


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button