АТЫРАУДА

АТЫРАУДАҒЫ ӨРТ ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ МАМАНДАР РЕСМИ ПІКІР БІЛДІРДІ

Атырауда 15 ақпан күні Махамбет көшесі 121 үйдегі өрттің  шығуына байланысты мамандар ресми түрде пікір білдірді.

Тұрғындардың айтуынша өрт сөндіру қызметі оқиға орнына кешігіп келген. Алайда Атырау облысы ТЖД « Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысы Жұманов Абдулқапар Жақсылықұлы мұны теріске шығарып, әр қауесетке тарқатып жауап берді. Тиісті қашықтықтан асса да, өрт сөндірушілер оқиға орнына 10  минутта жеткен.

Өрт сөндіру техникасының жеткіліксіздігі мен су тапшылығы орын алды деген де шындыққа жанаспайтын болып шықты. Техника жеткілікті болып, «Атырау су арнасы» үсдіксіз су қорымен қамтамасыз етіп отырған.

Ағаш каркастан жасалған шатырда жылдам тұтанып, өрт қызуы 700 ℃ құраған. Бұл жағдайда өрт сөндіру көпіршігін (пена) пайдалану мүмкін емес. Оны жеңіл өрт шығу кезінде ғана пайдалануға болады.

Ең басты қауесет электр желісі үзіліп, қылтимаға ілініп, тоқ тұйықталуы  орын алған. Бұл да жалған ақпарат. Өрт оқиғасына электр желісінің қатысы жоқ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button