АТЫРАУДА

ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ УАҚЫТША ПАНАЛАУҒА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Атырауда Махамбет көшесі 121 үйдегі өрттің  шығуына байланысты түсіндіру мақсатында баспасөз мәслихаты өтті.

Жиында жауап берген қала әкімінің орынбасары Тналиев Ұлықбек Серікұлы оқиға орнына барып, әрбір үйді аралап, тұрғындарға әкімдік тарапынан көрсетілетін көмекті ұсынған.

«Өрт кезінде 19 және 20 пәтер зардап шекті. Пәтер иелеріне үйлерін қалпына келтіргенше, уақытша паналау үшін «Жұлдыз» ықшамауданынан үй бірілді. Бірақ, қашықтығына байланысты тұрғындар келіспей отыр. Енді бұл мәселені шешу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек беруді қарастырып отырмыз. Келісілген жағдайда ол ақшамен пәтерақысын төлейтін болады» – depti Тналиев Ұлықбек Серікұлы.

Отбасылық себептеріне байланысты әуелде ұсынылған пәтерден бас тартқан тұрғындар, көп ұзамай келісімін берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button