Әлемде

АҚШАНЫ ӨРТЕЙТІН БОЛДЫ

Қытай билігі коронавирус індетінен зардап шеккен аудандардан жиналған ақшаның бір бөлігін жою туралы шешім қабылдады. Бірақ өртелетін ақшаның нақты сомасы көрсетілмеген.

Бұл туралы Business Insider басылымына сілтеме жасап, lenta.ru хабарлады.

Бұл шешім ауруханаларда, базарларда, автобустарда және инфекция таралған басқа да жерлерден жиналған банкноттарға қатысты. Мұндай ақшалар Гуанчжоуда жойылады. Сондай-ақ, Қытайдың Орталық банкі коммерциялық ұйымдарға індет таралған аймақтардан ақша жинауды тапсырды. Кейбір банкноттар жойылмаған жағдайда, зарарсыздандырудан өткізіледі. Ақша ультракүлгін сәулемен өңделеді. Бірақ айналымға бірден жіберілмейді. Екі апта карантинге қойылады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button