Әлемде

РЕСЕЙЛІК ҰШАҚ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

Бейсенбі күні таңертең Ан-2 ұшағы РФ Магадан облысында әуе айлағына жедел қонды, себебі ол биіктікке көтеріле алмаған. Бұл туралы ТАСС Ресей ТЖМ Магадан облыстық бас басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

 Ұшақ әуеге көтеріліп бара жатқан кезде құлады. Онда 14 адам болды. Бортта 11 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған.

ТЖМ баспасөз қызметінің соңғы дерегі бойынша, оқиға салдарынан жеті адам зардап шеккен. Барлық зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді. Өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бір зардап шегушінің ауыр халде жатқанын хабарлады.

«Оқиға орнында денсаулық сақтау министрі Сергей Чеканов жүр. Барлық жолаушылар аман-есен, тек жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button