АТЫРАУДА

САРЫӨЗЕКТЕ БОЛҒАН АПАТ БҰЗАҚЫЛЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН

14 ақпан күні Сарыөзекте кәріз құбыры жарылған болатын.  Аппатты жою кезінде D500 коллекторында сәйкес көлемдегі темір қамыт орнатылып, екі жағынан бұрандамалармен бекітілген еді. Бұл бұрандамалар су ағып кетпес үшін толықтай нығыздалған.

«Апат болған жерді кезекті қарау кезінде 14 ақпан, 23.30 сағатта орнатылған қамыттың астынан су кетіп жатқаны анықталды. Оның себебі – орталық бұрандаманың өз ұзындығының ортасына дейін бұратылып алынуы салдарынан қамыт босап қалған. Бұған қарағанда, аталған іс-әрекет бұзақылық ниетпен жасалған, өйткені, бекітілген бұрандамалар мен сомындар өздігінен бұратылып босап қалмайды. Әсіресе, орталық бұрандаманың өз ұзындығының ортасына дейін босап қалуы мүмкін емес», – деп хабарлайды «Атырау облысты Су Арнасы» КМК мекемесінің баспасөз қызметі.      

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button