АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ТҰРҒЫН ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

Тұрғын «102» номеріне 10 жастағы ұлының ұялы телефоны жоғалғаны туралы хабарлаған болатын.

Қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының операторы бейне камера арқылы жасөспірім баланың кешқұрым аула маңындағы дүкендердің бірінде ұялы телефонын түсіріп алғанын, кейін белгісіз ер адамның алып кеткенін анықтайды.

Тауып алған телефонды меншіктеп кеткен азаматтың жеке басы мен мекен-жайы да белгілі болды.

«Тез тауып берді, полиция қызметкерлеріне кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғыс білдіреміз», – дейді арызданушы азамат.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button