АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ КӘСІПКЕР АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕГІН АЗЫҚ ТАРАТТЫ

Атырау облысы ҚХА жанындағы кәсіпкерлер ассоциясының мүшесі Владимир Розметов бүгін гуманитарлық көмек ретінде 20 тонна көкіністі  Құрманғазы ауданына жөнелтті.  

Оның 15 тоннасы картоп,  5 тоннасы пияз көкөністері. Өнімдер ауданға жеткеннен соң ауыл тұрғындарына тегін таратылатын болады. 

– «Атырау агроөнімдері» шаруа қожалығының басшысы Владимир  Розметовтың бұл жалғыз ғана игі ісі емес.  Бүгінгі күнге дейін де ҚХА мүшесі әрі кәсіпкер  жетім мен жесірге,  қарттар мен мүгедектерге,  білімді жастарға қайырымдылық жасап, қамқорлығын танытып  келген үлгілі азамат, – деді облыстық қоғамдық келісім КХА баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button