Шығармашылық БАЙҚАУ өтеді

screenshot 20210930 174304 com.whatsapp

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

«Атырау Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жарық көрген ең үздік жарияланымға (мақала, журналисттік зерттеу, бейнеролик және т.б.) облыстық байқау жариялайды.
Аталған тақырыптағы материалдар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-да жариялануына болады.
Байқау ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қолдауымен Атырау облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «Төртінші билік» ҚБ -мен «Атырау – адалдық алаңы» әлеуметтік жобасы аясында өткізіледі.
Байқау мақсаты
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру, жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға БАҚ өкілдерін тарту болып табылады.
Байқау міндеті

  1. Сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы іс-қимылды іске асырудың тиімді формаларын іздеу және насихаттау.
  2. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
  3. Мемлекеттік қызметтегі мәртебесін жоғарылату, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыру, қоғам тұрақтылығын одан әрі күшейту.
  4. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру.
    Байқау шарттары
  5. Байқауға облыс аумағындағы газет, журнал редакцияларының, интернет басылымдардарының (ресми сайттар), теле-радиоарналардың және ақпараттық агенттіктердің журналистері қатыса алады (басқа сала мамандарына қатысуға болмайды).
  6. Байқауға 2021 жылдың шілде айынан бастап қараша айының 20-на дейін БАҚ-да жарық көрген материалдар (мақалалар, бейнематериалдар) қабылданады.
  7. Жарияланған материалдар келесідей талаптарға сәйкес дәлелденуі тиіс:
    1) телеарнадағы және радио шығарылымдар флэшкада жазылыммен;
    2) баспа бетіндегі жарияланымдар газеттің түпнұсқасының көшірмелерімен;
    3) интернет ресурстарда орналастырылған материалдар – web – адресіне сілтемесі көрсетілген web-парағының көшірмесімен.
  8. Ұсынылған материалдар байқау комиссиясына кері байланыс мәліметтерімен конвертте ұсынылады.
    Ескерту:
  • мақала ақпараттық сипатта болмауы керек, мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың тұжырымдамалық тәсілдері ұсынылуы қажет және журналисттің өз атынан жариялануы тиіс.
  • бейнематериал қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруға бағытталған белгілі бір сюжетті қамтитын әлеуметтік ролик болуы тиіс.
  1. Бағалау критерийлері
  2. Көтерілген тақырыптың өзектілігі.
  3. Кәсіби біліктілігі, таңдалған тақырыптың терең ашылуы.
  4. БАҚ-ғы жарияланым мәтінінің түсінікті жеткізілуі.
  5. Жеңімпаздарды марапаттау
    Байқау қорытындысын Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы тарапынан құрылған комиссия шығарады. Комиссия құрамы:
  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары (комиссия төрағасы) (келісім бойынша);
    -«Атырау – адалдық алаңы» жобалық офисінің қызметкерлері;
  • үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері;
  • облыстық БАҚ журналистерімен ардагерлері.
    Байқау қорытындысы үш бөлек номинация бойынша (үздік бейнематериал, үздік баспа басылымы және үздік интернет жарияланымы) 2021 жылдың 30 қарашасында шығарылады.
    Жүлделі:
    1 орын – 150 000 тг (Сертификат)
    2 орын – 120 000 тг (Сертификат)
    3 орын – 100 000 тг (Сертификат) ие болғандар жоба аясында марапатталады.
    Сонымен қатар, Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен марапатталады.
    Ескерту:
    Материалдар (қағаз және электрондық нұсқаулары) «Байқауға» деген белгісімен «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне келесідей электронды пошта арқылы atyrau_adaldyq_alany@mail.ru жолданады.
    Материалдарды қабылдау 2021 жылдың 20 қарашаға дейін жүргізіледі.
    Анықтама телефондары: +7 775 582 32 82
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

1 пікір

Comments are closed.