АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ТҰРҒЫН ПОЛИЦИЯҒА ТОПЫРАҚ ҰРЛАНЫП ЖАТЫР ДЕП ШАҒЫМДАНДЫ

Атыраулық тұрғын Самал ықшам ауданында топырақ ұрланып жатыр деп шағым жасады.

Облыстық жергілікті полицияның айтуынша, бұл жерде тазалық жұмыстары жүруде. Яғни, ешқандай ұрлық орын алып жатқан жоқ.

«Аталған оқиға Полиция департаментінің назарына алынып, тексеріс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, аталған азаматтар «Арнайы автобазасының» ЖШС қызметкерлері қоқыс жинап, тазарту жұмыстар жүргізді», – деді облыстық жергілікті полиция.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button