АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА ТЕМЕКІ ҚОРАБЫНАН МАРИХУАНА ТАБЫЛДЫ

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) режим бөлімінің тексеру тобымен сәлем-саухаттарды тексеру кезінде темекі қорабына салынған 41,9 грамм марихуана табылды.

«Тыйым салынған зат осы мекемеде күдікті ретінде ұсталып отырған азаматқа арналған. Аталған факт бойынша Атырау қалалық Полиция басқармасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлайды Атырау облыстық ҚАЖ Департаментінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button