АТЫРАУДА

«Атырау-Ақпарат» газеттері жаңа дизайнмен жарық көруде! (+ФОТО)

«Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен басылып шығатын газеттер жаңа маусымды жаңа жобалармен бастап жатыр.

img 20210903 wa0049
img 20210903 wa0047

Атап айтқанда, «ATYRAY» газеті «Алло, редакция?!», «Қазақтың қазынасы» және «Кие» атты жаңа айдарлармен толықты. Алғашқы айдарға тоқталсақ, оқырмандар өздерін толғандырған сауалдарды 45-85-97, 45-84-01 телефон нөмірлеріне хабарласып немесе atyrau_gazeti@mail.ru электронды поштасына жолдай алады.

img 20210903 wa0044
img 20210903 wa0046

Ал, «Қазақтың қазынасы» жобасының мақсаты – ұлттық құндылықтарымыз бен асыл мұрамызды жас ұрпаққа жан-жақты насихаттау. «Кие» айдарына келсек, бұл ерекше адамдардың басынан өткен таңғажайып оқиғалар туралы жазылған мақалаларды топтастырады. Мұнда күнделікті өмірде орын алып жатқан таңғажайып құбылыстар мен адам сенбес оқиғалар баяндалатын болады.

img 20210903 wa0048

Сол сияқты, «Прикаспийская коммуна» газеті де көрікті келбет иеленді. Ғасырлық тарихы бар басылымның жаңа дизайны оқырман көңілінен шығады деген үміттеміз.

img 20210903 wa0050
img 20210903 wa0051

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button