АТЫРАУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ «БЕРІК ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

by Depti
0 views

✅Бұл туралы Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Ата-ана мен баланың арасындағы ынтымақтастықты арттыру арқылы отбасында қолайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған «Берік отбасы» жобасы жаңа оқу жылынан бастап өңірдегі 16 мектепте іске асырылмақ. Бүгін Атырауға аталған бағдарламаны әзірлеуші, Ұлыбританияның халықаралық сертификатталған тренері Дебора Мэри Эллен келді (Deborah Mary Allen).

Апта бойы білікті психолог өңірдегі жалпы білім беретін мектептердің елуден астам педагогтарына отбасында қолайлы қарым-қатынасты орнату, балаға сүйіспеншілікті сақтай отырып оның кейбір әрекеттерін шектеу бойынша тәжірибе таратды.

Курс Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен Атырау облысының әкімдігі, БҰҰ-ң Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп өткізілуде.

«Берік отбасы» бағдарламасында облыс орталығындағы мектептердің 54 педагогы жобаның фасилитаторларын дайындау бойынша тренингтен өтеді. Алдын-ала іріктеу кезеңіне сәйкес курсты сәтті тәмамдаған қатысушылар жобаны әрі қарай жалғастыруға және «Берік отбасы» бағдарламасының тренері атануға мүмкіндік алады.

Шетелдік сарапшы «Берік отбасы» бағдарламасы ата-аналар мен 10-14 жас аралығындағы балалар арасында өзара қарым-қатынасты нығайту, позитивті ата-ана болу дағдыларын қалыптастыру мен жасөспірімдер арасында есірткі, қауіпті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған дағдыларды қалыптастырады дейді.

  • «Берік отбасы» бағдарламасын енгізу нәтижесінде ата-аналар балаларға арналған мінез-құлық ережелерін белгілеу, балаларды бақылау және оларды басқару, сондай-ақ тәртіпті қамтамасыз ету дағдыларын игереді. Ата-аналар да, балалар да бір-бірін тыңдауға, бір-бірімен тиімді қарым-қатынас жасауға үйренеді, нәтижесінде отбасылық құндылықтарды сақтаудың тиімді жолдарын игереді. «Берік отбасы» бағдарламасы әлемнің 35-тен астам елінде енгізілген және орыс, испан, португал, неміс, француз, қытай және басқа тілдерге аударылған. Бұған дейін аталмыш бағдарлама Назарбаев Зияткерлік енгізілген болатын. Бүгінгі таңда «Берік отбасы» бағдарламасы алғаш рет Атырау облысының жалпы білім беретін мектептерінде қазақ тілінде енгізілуде”, – дейді «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ, Оқушылардың әл-ауқаты департаментінің аға менеджері Жаннат Аманова.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com