АТЫРАУДА ЖАЙЫҚ ТАРТЫЛҒАСЫН, БАЛЫҚШЫЛАР ЛИМИТТІ ОРЫНДАЙ АЛМАУДА… (+видео)

210325123912496e

Атыраулық балықшылар балық аулауға берілген лимитті орындай алмай отыр. Оған себеп Жайық өзенінің тартылуы,- дейді олар.

Тіпті Каспий теңізін түп тереңдету жұмыстары да көмектеспегенін айтады. Соған сай базар сөрелерінде балық азайып кеткен, барының бағасы у-дай. Аймақтағы ірі балық шаруашылығы иелерінің бірі Гүлфара Исмағұлова күзді маусымдағы лимит орындалмай қала ма?- деп қауіптенеді. Кооператив үшін Каспий теңізі мен Жайық өзенін қосқанда, 800 тоннадай балық аулауға рұқсат берген. Айтуынша, Жайық өзенінде балық тым аз.

Гүлфара ИСМАҒҰЛОВА,  «ИНЖУ-МАРЖАН» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Лимит берілуі жақсы. Бірақ орындалуы жылдағыға қарағанда төмендеу болып тұр. Оның себебі Жайық өзенінде, шынын айтқанда, күн сайын су тартылып барады. Сондықтан да балық шықпай жатыр. Теңіздің тамағы қазылғанмен су келіп жатқан жоқ мында. Жайық та екібастан қазір көрдіңіздер застой дейміз, тұрып қалып тұр. Ағыс жоқ. Соның салдарынан балықтың келуі нашарлап тұр. Күзгі маусымда берілген лимиттің кем дегенде 25 пайызы орындалуы тиіс. Бірақ бұл көрсеткіш 20 пайызға да жетпейді,- дейді балықшы.

Аймақтағы өзге кәсіпорындарда да жағдай осыған ұқсас. Бірақ көпшілігі проблеманы көтеруден қашқақтайды. Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік инспекцияның мәліметінше, Жайық өзенінен ауланған балық көлемі былтырғымен салыстырғанда екі есе аз. Мәселен былтыр 1 мың 236 келі балық ауланса, биыл 647 келі ғана.

Рүстем ҚОРҚЫТОВ, ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙІНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ  БАС МАМАНЫ: Жайық өзені бойынша бөлінген квота 5 мың 368 келі, ауланғаны 647 кг. Қиғаш өзені және сағалық кеңістігі бойынша бөлінген квота – 3 мың 937 келі, ауланғаны 1 мың 108 келі. Каспий теңізі бойынша  бөлінген квота 20 мың 875 келі, оның ішінде Атырау облысы шегінде – 11 мың 524 келі, ауланғаны 2 мың 999 келі. Ауға түскен балықтың азаюы бағасының қымбататуына әкелді. Сауда сөрелерінде жаңа ауланған балық жоқтың қасы. Тек сазан ғана. Сондықтан бағасы да аспандап тұр.

Нұрым КЕҢЕСОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 800-900 деген масқара ғой. Өзіміз балықтың отанында тұрып қымбат. Жалпы базарларда 1200 тг, 1100 тг келісі. Қымбат қой. Бұрын 400-500 тг. болды. Қазір тіпті көтеріліп кетті баға. Дегенмен Атырауда ауа-райы балық аулауға әлі де қолайлы. Сондықтан балықшылар күдерін үзгісі келмейді. Күздегі толмаған лимиттің орнын көктемде толсырсақ,- деп дәмелі.

«Астана»

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: