«Атырау – Дина Нұрпейісова стансасы» пойызы сапарға шықты

by Depti
0 views

Бүгін Атырау темір жол вокзалынан  №631-шы «Атырау – Дина Нұрпейісова стансасы» облысішілік жолаушылар пойызы алғашқы сапарға шықты. Екі жалпылама және бір плацкарт вагоннан жасақталған бұл құрама ендігі жерде Атырау-Аққыстау-Исатай-Ганюшкино-Д.Нүрпейсова стансалары аралығында күнделікті қатынайтын болады. Өңіріміздің тарихынан елеулі орын алар осынау тарихи сәтте, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов перронға арнайы келіп, жолға шыққалы тұрған пойыға сәт-сапар тіледі. 

               – Атырау мен Құрманғазы аралығына жолаушылар поездын жүргізуді біз көптен аңсап келеміз. Бүгін осы игі мақсатымызға жетіп отырмыз. Әрине, мұның бәрі халық үшін жасалып жатырған жұмыстар. Сондықтан, алғашқы сапарға шыққалы тұрған пойызымыз жұртшылық  игілігіне қызмет етсін. Әрдайым сапарлары оң болсын.  Ақ жол тілеймін, – деді Махамбет Жолдасқалиұлы.

Тұсауы кесілген пойыз енді күн сайын Атырау станциясынан жергілікті уақытпен сағат 11:00-де, Д.Нұрпейісова бекетінен жергілікті уақытпен сағат 18:42-де жүреді. Жол жүру билеттері теміржол вокзалы кассаларында және интернет желісі арқылы сатылымға шықты. Аталған пойыздың тендерін  «Otpan Logistic» компаниясы ұтып алған. Атырау облыстық әкімшілігі  мен компания арасындағы келісімшарт 5 жылға жасақталған.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com