АТЫРАУДА

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ТӨЛЕМДЕРІ КІМДЕРГЕ ТИЕСІЛІ?

«Antikor.live» жобасы аясында «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Адиева Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Көңілқос Керейұлы және Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Нұрболат Алібекұлымен кездесіп, Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде онлайн- конференция өткізді. Тікелей эфирдегі қозғалған тақырып төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының төлемі (42500) кімдерге тиесілі және әлеуметтік төлем беріле бастағаннан бастап салықта болған кейбір қателіктер жөнінде сөз болды.

«Бүгінгі таңда 7 санаттағы тұлғаларға тиесілі болатын әлеуметтік көмекке Атырау облысы бойынша 47870 адамнан өтініш келіп, оның 5000 әлеуметтік берілетіндігі бүгін белгілі болды. Сондай- ақ әлеуметтік осал топтардың төтенше жағдай кезінде әлеуметтік қолдау мәселесі мемлекет тарапынан назардан тыс қалмай, бұған сәйкес қаражаттар қаралу үстінде. Бүгінгі таңда I, II, III топтағы мүгедек жандарға, бала жастан мүгедектерге, оларды бағып отырған ата- аналарға, ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға, 6-18 жасқа дейінгі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алып отырған балаларға 5567 тг көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалуда. Салық бойынша Атырау облысында 1 млрд-қа жуық берешегі бар 8 мың адамның салық шоттары ашылып, әлеуметтік төлем алуға мүмкіндіктер берілген. Ал, елдегі тарап жатырған жалған ақпараттарда әлеуметтік төлем алушыларға салық салынатындығы айтылған. Алайда, жеке және заңды тұлғалар үшін әлеуметтік төлем бойынша ешқандай салықтар да және төлемдер де алынбайды» – depti ҚР Сыйбайла жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Егер лауазымды тулғалар тарапынан заңсыздықтар байқалса 1424 байланыс телефонына коңырау соғуға болады. Өз кезегінде аталған мәселе ҚР Сыйбайла жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басты назарында.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button