Атырау мұнай өңдеу зауытында референдум тақырыбы қозғалды

by Depti
0 views

Атырау мұнай өңдеу зауытында  республикалық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев онлайн байланысқа шығып, аталған кәсіпорын қызметкерлеріне алда өтетін референдумның өту себебі мен мақсатын түсіндірді.

«Референудмның басты мақсаты – мемлекетітк басқару жүйесін демократияландыру. Президент билігін ықшамдап, Парламент құзыретін кеңейту. Сол сияқты, саяси партияларға қойылатын шектеулерді азайту. Өкінішке қарай, еңбек құқығының бұзылуына байланысты шығарылатын сот шешімдерінің 50 пайыздан көбісі жұмыс берушілердің пайдасына шешіліп жатады. Сондықтан референдум арқылы бұл мәселе де өз шешімін табады деп сенеміз» деді ол.

Сондай-ақ, шараға аталған бірлестіктің Атырау облысындағы төраға орынбасары Еділ Ұзақбай және «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Жанат Досқалиева қатысып, жұмысшылардың құқығын қорғайтын нақты қандай баптарға қандай өзгерістер енгізілетінін айтып өтті.

Амандық АБДОЛ

img 20220524 153048
smart
img 20220524 151151
smart
img 20220524 151142

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com