АМӨЗ-дегі қондырғы жұмысын екі күнге тоқтатады

by Depti
0 views

Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғы жұмысы екі күнге тоқтайды. Бұған жөндеу жүргізу себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, 16-17 маусымда сутекті тазарту қондырғысының жұмысы тоқтатылады.

«Жөндеу жұмыстары құрамында сутек бар газды тазалауға арналған адсорберге жүргізіледі. Қондырғы тоқтатылған кезеңде құрамында сутегі бар газ одан әрі өртеу үшін технологиялық қондырғылардан газдарды қауіпсіз шығаруды қамтамасыз ететін алау жүйесіне жіберілетін болады. Алаудың жану шүмегіне ауа беру арқылы бағанадан шығарылатын технологиялық газдың толықтай жануын, көмірсутектердің бейтараптандырылуы мен буға толық конверсиялануын қамтамасыз етеді. Демек, толық жану нәтижесінде алауда құрамында сутегі бар газдан улы газ түзілмейді» depti зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.

Олардың мәліметінше, алау бағаналары желдің күші мен бағытына қарамастан жану өнімдерінің толық таралуына кепілдік береді. Бұл ретте газдардың шоғырлануы рұқсат етілген нормалардан аспайды. Бұған зауыттың периметрі бойынша орнатылған мониторинг аспаптары дәлел бола алады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com