Хаменоваға қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

by Depti
0 views

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы шегерілді, деп хабарлайды elitar.kz.

Бұған дейін облыстық соттың баспасөз қызметі өкілі қылмыстық іс Атырау қалалық № 2 сотына түскенін айтқан еді. Алғашқы сот отырысы 14 маусымға белгіленген болатын.

“Істі қарайтын судья өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты, басқа күнге ауыстырылды” depti соттың баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, экс-шенеунік “пара алды” деген күдікке ілініп, тергеу абақтысына қамалған еді. Бақытгүл Хаменовамен бірге Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Акылбек Рысқалиев та қамауда отыр.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com