«VІІ шақырылған Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс VІ сессиясында бос орындарға келген депутаттарға мандаттар тапсырылды»,-деп хабарлайды Атыруа облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов депутаттарға мандаттар тапсырды.
Атырау облыстық депутаттарының бос мандаттары «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшелері Мақсот Абуов, Нұржан Ермұханов пен Қанатбек Қасымғалиевқа берілді.
Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мандат алған мәслихат депутаттарын құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, жиында облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы бекітіліп, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды.