АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА САМБОДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен Атырау облысы спорт және әскери самбо федерациясы қаламыздың студенттеріне самбо күресінен шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты алдында әскери самбоның жаттықтырушысы Бисембай Кушкаров cөз сөйлеп, жас студенттерге самбоның қыр-сырын түсіндірді. Облысымыздың  мақтаныштары Еркебұлан Қуанғалиев пен Серікжан Тусупов әскери самбоның әдістерін іс жүзінде көрсетсе, Парасат Жұмабай мен Қайырберді Айдынбай спорттық самбоның тәсілдерін көрсетті.

 Жас спортшылар тәжірибелі ағаларынан көптеген сабақ алып тарқады.

taқyr
https://www.instagram.com/p/B9oSr_2hn-P/

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button