АТЫРАУДА

БАСШЫЛАР ҚОЛАСТЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛАДЫ

  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімов сыбайлас жемқорлық қылмысы кезінде қоластындағы қызметкердің әрекеті үшін жоғары лауазымды басшы отставкаға кететін жағдайларды түсіндірді.

Ол сыбайлас жемқорлық қылмысы кезінде саяси қызметкерді отставкаға кетуге міндеттейтін нақты иерархия көзделгенін жеткізді.

Сонымен қатар, Салауат  Мүксімов «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілгенін атап өтті.

«Осылайша, отставкаға кету туралы міндет өткен жылдың  10 желтоқсанынан кейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған қызметкерлердің басшыларына және саяси қызметкерлерге қолданылады. Ал мемлекеттік саяси қызметкерлер тағайындалған күннен бастап, 3 ай өткеннен кейін ғана сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда отставкаға кетеді.

  Лауазымды тұлға, бағынысындағы қызметкерлерге қатысты жемқорлық іс бойынша сот шешімі күшіне енгеннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде отстатвкаға кетуі туралы арыз жазуы тиіс. Алайда, оның жазған арызы жоғарғы орган тарапынан қабылданбай жәй ғана әкімшлік жазамен құтылуы да мүмкін. Әзірге облысымызда отставкаға кету туралы міндет қолданылған жағдай бола қойған жоқ, – деді департамент басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button