11 қазанда “Атырау МӨЗ” ЖШС BIONATUR MEDIO AMBIENTE SL испандық компаниясымен өнеркәсіптік шығарындылардан нормативтік белгіленген қоспаларды жою үшін сүзгі жүйелерін орнату туралы Меморандумға қол қойды.
Осы жүйелердің алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары күкірт өндіру қондырғысында жүргізілетін болады. Кейіннен оларды Атырау мұнай өңдеу зауытының басқа қондырғыларында енгізу жоспарлануда.
Үздік әлемдік технологияларға негізделе отырып, бұл сүзу жүйесі АМӨЗ-де бекітілген шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайтын технологиялық газдардан қоспаларды: күкіртті сутек, азот оксидтері және т.б. қосымша тазартуды іске асырады. Эмиссияларды кейінгі өңдеуге арналған ұсынылған жүйе арнайы сорбенттер мен катализаторлары бар жоғары кеуекті және жоғары өткізгішті керамикалық мембраналарды қолдануға негізделген.
Жүйе техникалық процестері 900 градусқа дейінгі температурада өтетін қондырғыларда сәтті жұмыс істейтінін еске саламыз.
Бүгінгі таңда бұл сүзгі жүйесі әлемдік өнеркәсіптік ірі кәсіпорындарда табысты қолданылуда: Total Arkema (мұнай-химия зауыттары), Arcelor Mittal (металлургия зауыттары), Repsol (мұнай-газ өндіру зауыттары мен МӨЗ), Air Liquide (техникалық газ өндіру зауыттары), Sanofi (фармацевтика зауыттары), Coca Cola.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа экологиялық кодекс күшіне енді, онда 1 санаттағы өнеркәсіптік кәсіпорындар, соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын қоса алғанда 10 жыл ішінде қоршаған ортаға эмиссияны азайту үшін ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге міндеттеледі.
АМӨЗ қоғаммен байланыс бөлімі