АТЫРАУДА

ЖОЛДА ЖҮК КӨЛІГІ ӨРТЕНДІ (ВИДЕО)

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең өрт сөндіру бөліміне Атырау-Доссор бағытындағы жолдан шұғыл шақырту келіп түсті.

Анықталғандай, Тәжікстан мемлекетіне тиесілі бойлер тасымалдайтын жүк көлігі өртке оранған. Тілсіз жауды ауыздықтауға аймақтағы өрт бөлімшілері, Қарабатан зауытының өрт мамандары көмектескен.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button