АТЫРАУДА

ЖЕМҚОРДЫ ҰСТАП БЕРГЕНДЕРДІҢ СЫЙАҚЫСЫ АРТТЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Алдын алу және парасаттылық басқармасы басшысы Қаражанов Жәнібек Жұмабайұлы сыбайлас жемкорлык фактілері туралы хабарлаған немесе жардемдескен адамдарды котермелеу қағидасы туралы баяндады.

«Сыбайлас жемқорлыққа шаралары шаңашыл институттармен толықтырылды. 2012 жылы 30 желтоқсанда ҚР  қабылдаған Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе  жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары ақпан айында редакцияланып, өз күшіне енді. Бұрын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған адамға 30 АЕК-тен қылмыстың ауырлығына қарай 100АЕК   түріндегі нормасы өз күшінде қалып, тағы да жаңашылдық енгізілді.  Демек, пара немесе соның салдарынан келтірілген залал  көлемі 1000 АЕК аспаса жоғарыдағы норма орындалады. Агенттіктің есебі бойынша 2 млн 600 мыңнан (1000АЕК асса) асқанда жағдайда, хабарлаған адамға  келтірілген залалдың 10 пайызы төленеді. Яғни пара немесе келтірілген залал көлемі  100 млн құраса,  осы жөнінде хабарлаған адамға 10 млн теңге ақша бөлінеді. Хабарлаған адамға берілетін сыйақының шектік мөлшері  10 млн 604 мың теңгеден аспайды. Өзге де жәрдемдескен дегеніміз, іздеу жүрген қылмыскерлердің орналасқан орын туралы хабарласа да,  осы норма қолданылады» – depti Ж.Қаражанов.

Ескерте кетейік, жалған ақпарат берген адам, ҚР ҚК 490 бабының 3 бөлімі бөлімі «сыбайлас жемқорлық туралы жалған ақпарат беру» заңы негізінде жауапқа тартылады. 

Сыйақы жемқордың жазасы тағайындалып, үкім шыққаннан кейін беріледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button