Атырау облысында мал азығын дайындау қиындық тудыруда

by Depti
0 views

Бүгінгі таңда облыста қысқа қажетті мал азығын дайындау жұмыстары жандана түскен. Алайда, жағдайдың барлық жерде бірдей еместігін жасыруғаболмайды. Бұл жөніндегі әңгіменің түйінін маңызды науқанға байланысты өңірдегі ахуалды көріп қайтқан облыс әкімінің ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары Қайрат Нұрлыбаев тарқатты.

Оның айтуынша, əсіресе, Жылыой ауданында күрделі жағдай қалыптасқан. Өңірдің
шаруашылық құрылымдары мен жекелеген шаруагерлері қысқа керекті шөпті Қызылқоға жəне Ақтөбе облысының Қобда мен Байғанин аудандарының жерінен дайындауда. Сонымен бірге əзір күйінде сатылатын орама шөптің бағасын тұрақтандыру мəселесі қарастырылуда. Батыс Қазақстан жəне Ақтөбе облыстарының əкімдіктерімен құрама жем, қара бидайды қолжетімді бағамен сатып алу жөнінде келіссөздер де жүргізілуде.
Бүгінде Исатай ауданындағы «Жасыл орақ» науқанының барысы баяу. Мұндай жағдай қырлықты былай қойғанда, көлтабанды алқаптар мен суармалы егістікке судың жеткілікті берілмеуінен туындаған.

Ал, оған басты себеп өңірдегі бірден-бір суландыру көзі саналатын Нарын каналының жайы болып отыр. Пайдалануға берілгеніне 70 жылдан асқан бұл каналға сол уақыттан бері ешқандай күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жайық өзенінен айдалған су оның бойындағы ақаулықтардың салдарынан далаға кетіп, діттеген жеріне жетпей қалуда. Осыдан келіп шабындыққа да, жайылымдыққа да шөп шығып жарымайды.


Соған қарамастан, исатайлықтар қазаншұңқырларды суға толтырып, қолдағы бар мүмкіндікті пайдаланып, қыстық жем-шөптің бір бөлігін өз жерінен əзірлеп алуға жұмыстануда.


Жыл санап төрт түліктің санын көбейтуге қол жеткізіп отырған Қызылқоға ауданында кезекті мал азығын дайындау үлкен қиындықпен өтуде. Аудан бойынша қажетті мал азығының көлемі 129 мың тоннаны құраса, қазір əзірленгені соның 20 пайызы ғана. Қуаңшылық пен құрғақшылыққа байланысты, өңірдің өзінен мал азығын дайындау мүмкіндігінің шектеулі екені ескеріліп, мұнда да Батыс Қазақстан облысының іргелесаудандары аумағынан дайындау жөнінде келісім-шарт жасалған.


Одан бөлек, ауданның мемлекеттік жер қорынан мал азығын дайындаумен айналысатын шаруашылық құрылымдары үшін жалпы ауданы 71 мың гектардың үстінде шабындық алқап бөлініп, ол 96 учаскеге бекітіліп берілген.


– Қалыптасқан қиын ахуалға, шабындық жер мен табиғи шөп көзінің тапшылығына
қарамастан, барлық ауданда сатылатын мал азығының бəсін ауылдық округ əкімдіктерімен жəне салалық бөлімдермен жасалған келісім-шарттакөрсетілген шекті бағадан асырмау басты назарда. Бұл мəселені ұдайы бақылауда ұстап отырмыз, – деді облыс əкімінің орынбасары Қайрат Есқабылұлы.


Дəулетқали ЛАТИФҰЛЫ

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com