0
Облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
- Атырау облысы аумағында 22-24 желтоқсан аралығында кәмелетке толмағандармен, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау, алдын алу сондай-ақ, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында “Түнгі қаладағы балалар” жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізілетін болады,- деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Шара аясында бөлім есебіне қойылған жасөспірімдер, оқитын жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ, құқық бұзушылықтар жасауға бейім жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандар тобын, оларды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау.