Атырау қаласындағы жәрмеңкеге “Ashyq” қосымшасы енгізілді

by Depti
0 views

Аптаның әр сенбі күні Атырау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Аламан» базарындағы жәрмеңкеге тұрғындар «Ashyq” қосымшасы арқылы
кіруге мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жәрмеңкеде “Nur Otan” партиясының өкілдерімен қатар Атырау қаласы әкімдігінен бақылаушы топ азық-түлік бағасына тексерістер жүргізіп, тұрғындар арасындағы карантиндік сақтық шараларына мән берді.

Жәрмеңкеде азық-түліктер арзан бағада тұр. Атап айтқанда, картоп-140тг, жуа-80тг, сәбіз -100тг, жұмыртқа-24тг, сиыр еті-1800 теңгеден сатылуда.

“Азық-түлік бағасы үнемі қадағалауда, бақылауда болса екен дейміз. Біз үшін тұрақты баға болғаны жақсы. Әкімдіктен келіп, осылай бағаны тұрақтандыруға рейд жүргізілгені жақсы болды. Әйтпесе, әр кәсіпкер, көкөністерді әртүрлі бағада сатып тұр. Мәселен, сәбіздің бағасы басында 150 теңге деп еді, рейд келгенде 100 теңгеден сатылуда “, – дейді қала тұрғыны Әлия Ажайпова.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com